№1 Қосымша. ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІ

Еңбек қызметі туралы құжаттардың қосымша жиынтығы:

  • Кемінде 3 авторлық жұмыс (салынған объектілердің фотосуреті немесе жобаның бейнесі).
  • Авторлық жұмыстардың қажетті саны болмаған жағдайда, қатысушы дәрежесінің құжаттық расталуы мен өтініш беруші орындаған белгілі бір бөлімнің көрсетілуін ескере отырып, бірлескен авторлықта орындалған кемінде 6 жұмысты ұсынуға рұқсат етіледі.  Бас сәулетшінің қолы болуы тиіс).
  • Ғылыми зерттеулер, сәулет тәжірибесі мен оқыту саласында жұмыс жасайтын үміткерлер кемінде 5 жарияланған басылым ұсыну керек.
  • Оқытушылар, дипломдық және студенттік конкурс жобаларының жетекшілері үшін дипломдық және курстық жобалардың халықаралық конкурстарында өз студенттерінің жүлделері мен марапаттарының болуын растайтын құжаттары болуы қажет.
  • Мемлекеттік органдарда жұмыс жасайтын үміткерлердің 6 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі болуы қажет.