Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағына мүшелік

  • Осы жарғыны мойындайтын және ұстанатын, Қазақстан Республикасында шығармашылық қызметпен айналысатын кәсіби дипломы бар сәулетшілер, Қазақстанда сәулет пен қала құрылысының дамуына елеулі үлес қосқан, бірегей сәулет-қала құрылысы нысандарын жобалауға және жүзеге асыруға автор ретінде қатысқан басқа мамандық өкілдері одаққа мүше бола алады.
  • Одақтың Жарғылық міндеттерін іске асыру үшін демеушілік, меценаттық және заңмен тыйым салынбаған басқа да қызметтер нәтижесінде Қазақстанның сәулеті мен қала құрылысының дамуына, айтарлықтай үлес қосқан Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің азаматтары Кеңестің шешімімен Одақтың құрметті мүшелері болып сайлана алады.
  • Одақ мүшелерін қабылдау, шығару және қайта қалпына келтіру тәртібі оның Жарғысымен және Ішкі ережесімен анықталады.
  • Одақ мүшелері кіру және ай сайынғы мүшелік жарналарды төлейді.
  • Мүшелік жарналар мөлшері Қазақстан Республикасында қабылданған ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің 1/3 бөлігінен кем болмауы тиіс.

Одақ мүшесінің құқықтары:

  • Одақтың басқару органдарын сайлап, оларға сайлану.
  • Одақ өткізетін шараларға қатысу.
  • Авторлық құқығы бұзылған, кәсіби ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келген жағдайда Одақтың құқықтық және кәсіби қорғауын пайдалану.
  • Одақ қызметінің барлық мәселелері, сондай-ақ оның кәсіби, жеке және шығармашылық қызметіне қатысты мәселелер бойынша Одақтың басқару органдарына өтінішпен және шағымдармен жүгіну.
  • Съезд делегаты немесе Одақтың басқару органдарының мүшесі болмаса, шешуші дауыс құқығынсыз кез келген мәселелер, соның ішінде оның жеке қызметін талқылау бойынша Одақтың басқару органдарының отырыстарына қатысу.
  • Халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларға, шығармашылық конкурстарға қатысқанда, жеке және топтық шығармашылық көрмелерді ұйымдастыруда Одақтың қолдауын пайдалану.
  • Заңнамаға, осы Жарғыға және сәулетшінің кәсіби этикасына қайшы келмейтін басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыру.

Одақ мүшесінің міндеттері:

  • Одақтың Жарғысы мен Ішкі ережесін сақтау.
  • Ай сайынғы мүшелік жарнаны тұрақты түрде төлеу.
  • Кәсіби этика қағидаттары мен ережелерін сақтау, ұйымға зиян келтірмеу, Одақ қызметіне белсенді қатысу.

Одақтан шығару және қайта кіру:

  • Дәлелді себепсіз 2 жыл қатарынан жарна төлемеу Одаққа мүшелікті автоматты түрде тоқтатады. Бұл шешімді филиал қабылдап,Төралқа бекітеді.
  • Жарғы мен Ішкі реттеме ережелерін бұзатын Одақ мүшелері Одақтың дауыс беруге қатысатын дауыстарының кемінде 2/3 бөлігімен қабылданған шешімі бойынша Одақтан шығарылуы мүмкін. Бұл шешімге осы мәселе бойынша дауыс беруге қатысатын дауыстардың кемінде 2/3 бөлігімен шешім шығаратын Съезде шағымдануға болады.
  • Одаққа мүшелікті қалпына келтіру қабылдау тәртібіне сәйкес жеке жүргізіледі.