Одақ туралы қысқаша мәлімет

Қазақстан Сәулетшілер одағы 1936 жылы құрылып, сара жолға түсті. 1992 жылы бұрынғы КСРО Сәулетшілер одағының республикалық ұйымы бөлектеніп шығып, Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағы деп атала бастады. Бұл уақытта Одақ ТМД Сәулетшілер одақтарының халықаралық қауымдастығының (ХСОҚ) негізін қалаушылардың бірі болды, Халықаралық сәулетшілер одағының тең құқықты мүшесі болды. Бүгінде Одақ ауқымы кең мәселелерді шешіп, Одақтың қызметі мен оны ұйымдастырудың өзге түрлерін талап ететін жаңа міндеттерді мойына жүктеді.