ТМД Сәулет мектептерінің Халықаралық форумы

2023 жылғы 14 және 15 сәуірде Satbayev University, Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағы және ҚазМААМ-Еуразия Халықаралық Сәулет академиясының Қазақстандық академиялық орталығы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің Сәулет мектептерінің Халықаралық форумын (бұдан әрі – Форум) өткізеді.

Форумның мақсаты – ТМД сәулет мектептерінің декларациясын қабылдай отырып, заманауи сәулет мектебін дамытуда бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу.

Форум бағдарламасы келесі іс-шараларды қамтиды:

1. Сәулет мектептерінің халықаралық бақауы – Satbayev University аумағында академиялық шығармашылық пәндердің негізгі түрлері бойынша студенттік жұмыстарды ұсыну.

Конкурсқа қатысушылардың басшыларынан, ал соңғы кезеңде – ҚазМААМ Еуразия халықаралық Сәулет академиясының тәуелсіз сарапшы-мүшелерінен тұратын конкурстың халықаралық қазылар алқасы бірнеше номинациялар бойынша жұмыстарды қарайды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Байқау аясында шеберлік сыныптары жоспарланған.

2. «Ұрпақтар сабақтастығы» атты кәсіби шығармашылық көрмесі Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының клубында орналастырылатын болады.

3. «ХХІ ғасырдағы сәулет бойынша білім беру және тәжірибе» дөңгелек үстелі – Satbayev University-де ТМД елдерінің ұлттық сәулет мектептері мен Сәулетшілер одақтары өкілдерінің қатысуымен өтеді.

Дөңгелек үстел отырысында форум іс-шараларының қорытындысы шығарылып, сәулет білімін реформалау жолдары, сондай-ақ сәулет білімі мен практика саласындағы ынтымақтастық туралы Декларация қабылданады.

Осы форумның ерекшелігі практикалық және шығармашылық форматтарға: конкурстарға, мастер-кластарға, диалог алаңдарына баса назар аударылады. Бұл тәсіл қатысушылар арасында неғұрлым нақты байланыстар жасауға, олардың іс-шара шеңберінде де, әрі қарайғы жұмыста да диалогы мен өзара іс-қимылын ынталандыруға мүмкіндік береді.

Кең бағдарлама мамандарды жинауға, болашақ сәулет маманын даярлауда тиімді ынтымақтастық пен идеялармен алмасуға серпін беруге мүмкіндік береді.

Студенттерді, ЖОО оқытушыларын және сәулетшілерді Satbayev University форумы мен көрмесіне қатысуға шақырамыз!

Уақыты: 10:00 – 18:00, 14 сәуірде 2023 ж.

Орны: Сәтбаев университеті, Тау-кен металлургия корпусы (ТМК), Алматы қ. Сәтпаева, 22в

Жауап қалдыру

Your email address will not be published. Толтырылуы тиіс бөлімдер