Қазақстан Республикасы Сәулетшілер Одағының мүшелігіне қабылдау тәртібі
Құжаттар тізімі
ҚР СО мүшелігіне үміткер ҚР СО Хатшылығының электрондық поштасына мүшелікке кіру үшін құжаттар жиынтығын жібереді:
- ҚР СО президентінің атына жеке өтініш (белгіленген үлгіде)
- ҚР СО мүшелігіне үміткердің сауалнамасы (белгіленген үлгіде)
- Жеке куәлігінің сканерленген көшірмесі
- Еңбек кітапшасының сканерленген көшірмесі
- 3×4 түсті фотосурет (jpg; png; pdf форматта)
- Одақ құрамына кіргеніне 5 жылдан асқан, соңғы 5 жыл ішінде мүшелік жарналарды төлеген ҚР СО мүшелерінің 2 ұсыныс хаты
- №1 қосымшаға сәйкес еңбек қызметі бойынша құжаттар жиынтығы
Құжаттарды жіберу және қарау тәртібі
- Үміткер құжаттардың толық жиынтығын электрондық түрде жинап, құжаттарды ҚР СО хатшылығының (info@kazarch.kz) электрондық поштасына жібереді;
- Құжаттар жиынтығы ҚР СО басшылығының кеңесінде айына бір рет қаралады. Кеңес әр айдың басында, 10-нан кешіктірмей жиналады.
- Хатшылық ҚР СО басшылығы кеңесінің шешімі туралы жазбаша жауапты (электрондық поштамен) жібереді.
Жарналар
ҚР СО басшылығы кеңесінің оң шешімінен кейін үміткер кіру жарнасы мен мүшелік жарнаны төлеуі қажет.
Мүшелікке кіру (бір реттік) жарнасы – 3 АЕК
- бір жолғы кіру жарнасы
- мүшелік билет
- мүшелік төсбелгі
Жылдық жарна – 4 АЕК
2022 жылғы жарна мөлшері 12 252 теңге.
Жарналарды төлеу әдістерімен № 2 қосымшада танысуға болады.
Үміткердің жарнаны жарты жылға төлеу мүмкіндігі бар. Әр жыл бойынша жарна мөлшерін 1-кестеден көруге болады.
ҚР СО мүшелігіне кіру тәртібіне қатысты барлық сұрақтар бойынша:
ҚР СО хатшысы:
Телефон: +7 (727) 258 29 74, +7 (701) 711 17 87; E—mail:info@kazarch.kz
Жұмыс уақыты: Дүйсенбі-жұма, 08:00-17:00