Жас сәулетшілер клубы (ЖСК)

ҚР СО жанындағы Жас сәулетшілер клубы – Қазақстан Республикасы Сәулетшілер Одағының және мүдделес кәсіби мамандардың қолдауымен ойлары бір жерде тоғысқан адамдарының бірегей шығармашылық тобы. Өз-өзін және айналасын жақсартуға, қаланың бір сарынды тіршілігін серпілтуге, сәулет өнеріндегі машықтарын дамытуға және жастардың шығармашылық белсенділігін жаңа деңгейге көтеруге деген қуат пен ұмтылыс – Жас сәулетшілер клубын алға жетелейтін және өсуге итермелейтін қозғалтқыш күш. Сәулет және өнер фестивальдерін, кәсіби кездесулер мен шеберлік сабақтарын, қалалық іс-шаралар мен жобаларды ұйымдастыру – бұл біздің қызметіміздің ауқымын жақсартуға және жетілдіруге серпін беретін дұрыс қадам.

Біздің міндетіміз – Қазақстан Республикасының сәулет өнері мен қала құрылысының дамуына және гүлденуіне елеулі үлес қоса алатын жан-жақты дамыған бәсекеге қабілетті шығармашылық жастардың басын қосу.

Мақсаттарымыз:

  • Әр түрлі іс-шараларға, конкурстарға, тағылымдамалар мен тренингтерге қатыстыру арқылы жас сәулетші мамандар мен жоғары оқу орындарының студенттерінің кәсіби және шығармашылық дамуына ықпал ету;
  • Жас сәулетшілер мен мамандардың идея-жобаларын іске асыру үшін жұмыс алаңын құру;
  • Жас сәулетшілердің кәсіби дағдыларын дамытуға, оның ішінде кейін жобалау ұйымдарында жұмыс істеу үшін жағдай жасау.

ҚР СО  Жас сәулетшілер клубы қызметінің бағыттары:

  1. Жас мамандарға шеберлік сабақтар, воркшоптар, шығармашылық конкурстар мен фестивальдар ұйымдастыру.
  2. Іс -шараны әзірлеу және ұйымдастыру (шараның тақырыбы мен тұжырымдамасын ұсыну, орны мен уақытын таңдау, ұйымдастыру мәселелерін шешу)
  3. Сөз сөйлеушілерді тарту және келіссөздер жүргізу
  4. Демеушілерді тарту және келіссөздер жүргізу
  5. Жас сәулетшілер мен студенттердің еліміздегі және шетелдегі сәулет конкурстарына қатысуына  қолдау көрсету.
  6. Конкурстар туралы үнемі ақпараттандырып отыру
  7. Қатысу үшін қажетті құжаттар жинау бойынша кеңес беру
  8. Тәжірибелі сәулетшілердің кеңес беруін ұйымдастыру
  9. Тәжірибелі сәулетшілердің кеңестері мен қолдауын қоса алғанда, қалалық ортаны жақсарту бойынша жас мамандардың, студенттердің идеяларын насихаттау.
  10. Мамандандырылған оқу орындарымен өзара қарым-қатынас жүргізу (Қазақстан қалалары мен облыстарында) және бірлескен іс-шаралар өткізу.

Қатысушылар (ЖСК мүшелері):

Белгілі бір жұмыс түрлерімен айналысуға дайын және үйірме қызметіне белсенді қатысатын жас мамандар мен магистранттар.

ҚР СО Жас сәулетшілер клубы мүшелігінің артықшылықтары:

  1. ҚР СО ұйымдастыратын кәсіби оқыту мен дамыту іс-шараларына қатысу
  2. ҚР СО ұйымдастырған сәулет конкурстарына қатысу
  3. Жас сәулетшілер клубы мүшелері қалалық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысқан кезде ҚР СО-ның қолдауы

Жастар бірлестігіне қосылу үшін «KAZGOR» ЖА Жобалау орталығының бас сәулетшісі Антон Федянинге хабарласыңыз (Anton.Fedyanin@kazgor.kz, 8 (727) 279-93-47 (ішкі «139»)