Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының тарихы

«Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағы» қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – ҚР СО) – 1936 жылы сәулет пен қала құрылысы арқылы адамның толыққанды ортасын құруға бағытталған кәсіби шығармашылық міндеттерді шешу үшін ерікті түрде құрылған және Қазақстан Республикасының Конституциясына және басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес әрекет ететін ертеден келе жатқан шығармашылық одақ.

Осы уақытқа дейін Қазақстанның сәулетшілер одағы бірінші съезге қатысқан мамандардың шағын тобынан 14 аймақтық филиал, сондай-ақ жобалау институттары, ғылыми мекемелердің бастауыш ұйымдарынан және Қазақстан Республикасының сәулет саласындағы мемлекеттік мекемелерінен қалыптасқан үлкен шығармашылық ұйымға айналды.

ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ

Қазақстан сәулетшілер одағының (ҚР СО) дамуы, сондай-ақ кеңестік және посткеңестік кезеңдегі Қазақстан сәулет өнерінің құрылуы республика дамуының тарихи кезеңдеріне сәйкес дамыған:

  • Ұлы Отан соғысына дейін (соғысқа дейінгі кезең);
  • соғыс жылдары (1941-1945 жж.);
  • соғыстан кейінгі жылдар және бейбіт өндірісті қалпына келтіру кезеңі;
  • Кеңестік кезеңнің 60-80 жылдары (дамыған социализм мен тоқырау кезеңі);
  • ҚР СО-ның жаңа жағдайда қалыптасуы;
  • Бүгінгі ҚР Сәулетшілер одағы

Барлық кезеңдер белгілі бір уақыт кезеңіндегі қоғамның мүмкіндіктеріне байланысты сәулетшілердің алдында тұрған міндеттердің сипаты мен оларды шешудің ерекшеліктерімен айрықшаланады.

30-шы жылдардың басында Қазақстанда небәрі 22 қала болды. Оларды шартты түрде солай атауға болатынының себебі олардың көпшілігі қарапайым қалаға тән абаттандырылмаған азды-көпті ірі елді мекендер болды. Барлық қалалардағы халық саны 500 мың адамға жетер-жетпес еді және қалаларда негізінен саман, кірпіш және ағаштан салынған бір қабатты ғимараттар тұрғызылған болатын. Арасында күйдірілген кірпіштен салынған ғимараттар кездесетін. Көшелерде тас жол төселмеген, су және кәріз жүйесі мүлдем болмаған десе де болатын еді.