9 наурызда Ө. Сыдықов атындағы шығармашылық орталықта (коворкинг-орталық) Италияның Қазақстандағы Елшілігінің бастамасымен және Satbayev University қолдауымен итальяндық сәулетші және дизайнер Andrea Caputo «Global Design today: process VS product» тақырыбында дәріс өтеді. Дәріс жыл сайынғы Italian Design Day бастамасы аясында өткізіледі және заманауи дизайн үрдістеріне арналады. Іс-шараның басталуы сағат 11:00-де. Мекен-жайы: Сәтбаев 22, Satbayev University, ТМК, коворкинг-орталық. Қатысуға ниет білдірушілерден нөмір бойынша тіркелуін сұраймыз +7 777 370 49 76 (Владимир). Орындар саны шектеулі.
0%
Одаққа кіру
Одаққа кіру құжаттарының жинағы:
- ҚР СО президентінің атына жеке өтініш (белгіленген үлгіде)
- ҚР СО мүшелігіне үміткердің сауалнамасы (белгіленген үлгіде)
- Жеке куәлігінің сканерленген көшірмесі
- Еңбек кітапшасының сканерленген көшірмесі
- 3×4 түсті фотосурет (jpg; png; pdf форматта)
- Одақ құрамына кіргеніне 5 жылдан асқан, соңғы 5 жыл ішінде мүшелік жарналарды төлеген ҚР СО мүшелерінің 2 ұсыныс хаты
- №1 қосымшаға сәйкес еңбек қызметі бойынша құжаттар жиынтығы (сілтеме бойынша өтіңіз )