ҚР СО №43 дайджесі_Т. Бәсенов ат. Сәулет және құрылыс институты

Құрметті сәулетшілер

Назарларыңызға ҚР Сәулетшілер одағы дайджесінің №43 арнайы шығарылымын ұсынамыз.

Дайджесттің бұл  шығарылымы Сәтбаев Университеті жанындағы Т.Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институтының қызметіне арналған. Сонымен бірге ҚР Сәулетшілер одағы президенті Садырбаев Ғабит Сұлтанғалиұлының  Сәтбаев университетінің мерейтойлық мерекелеріне орай құттықтауын қабыл алыңыздар.

Сәтбаев университетінің (Политех) оқытушылары, қызметкерлері мен студенттерін 90 жыл мерейтоймен және Қ.И.Сәтбаевтың 125 жыл мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Политех – жоғары техникалық білім саласындағы дәстүр мен жаңалықты ұштастырған білім ордасы. Университет тарихының жарқын сәттерін, оның бастауында тұрғандар мен қазіргі күні дамуы мен сұраныста болуына үлесін қосып келе жатқандарды мақтан ете аласыздар.

Университет түлектері сіздердің абырой мен мақтаныштарыңыз. Сіздерден түлеп ұшқан түлектердің еліміздің жобалау ісіне елеулі үлес қосып жатқаны қуантарлық жайт.

Сәтбаев университетіне табыс пен жаңа шыңдарды бағындыра беруді тілеймін. Ал талантты да талапкер, батыл жас буын туған білім ордасының жақсы дәстүрлерін сақтап, одан әрі қарай жалғай берулеріне тілектеспін.

Биылғы торқалы жыл Сәтбаев университетіне жаңа тыныс беріп, жаңа белестерге жетелей берсін деп тілеймін!

ҚР Сәулетшілер одағының президенті                            Ғ.С.Садырбаев

Құрметпен,

ҚР Сәулетшілер одағының хатшылығы

ҚР-СО-№43-дайджесі

Жауап қалдыру

Your email address will not be published. Толтырылуы тиіс бөлімдер