ҚР СӘУЛЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ XVII СЪЕЗІНІҢ КҮН ТӘРТІБІ

Алматы қаласы, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры

2022 жылғы 3 наурыз
Басталуы: 09.00

  1. «Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің XVII Съезінің ашылуы және Съезд делегаттарын қарсы алу

Съезді ұйымдастырушылар мен ҚР Сәулетшілер одағының атынан үндеу

  1. «Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің XVII Съезінің Мандаттық комиссиясын сайлау.
  1. Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының XVII Съезін өткізу тәртібіне байланысты ұйымдастыру мәселелері: Съездің Төралқасын, төрағасы мен хатшысын сайлау; Съездің Есеп және Редакциялық комиссияларының төрағаларын сайлау; Съездің күн тәртібі мен жұмыс регламентін бекіту.

ҚР Сәулетшілер одағы президенті міндетін
уақытша атқарушысының хабарламасы

  1. Мандаттық комиссия төрағасының баяндамасы.
  1. «Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің есепті кезеңдегі қызметі туралы.

ҚР Сәулетшілер одағы президенті міндетін
уақытша атқарушы А.Ә. Тәтіғұловтың баяндамасы 

  1. Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағы мүшелерінің сәулетшілердің кәсіби қызметіне байланысты өзекті тақырыптар бойынша баяндамалар сериясы.

ҚР Сәулетшілер одағы мүшелерінің баяндамалары

  1. Тексеру комиссиясының есепті кезеңдегі “Қазақстан республикасы Сәулетшілер одағы” республикалық қоғамдық бірлестігінің қаржы-шаруашылық қызметі туралы баяндамасы.

Тексеру комиссиясы төрағасының баяндамасы

  1. Съезд делегаттарының баяндамалары мен шығып сөйлеген сөздері бойынша жарыссөз.
  1. «Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жарғысына өзгерістер енгізу туралы.
  1. «Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің регламентін Ережеге ауыстыру туралы.
  1. «Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің басшы органдарын сайлау.
  1. Тексеру комиссиясының жаңа құрамын сайлау. Редакциялық комиссия төрағасының хабарламасы және Съезде қабылданған шешімдерді бекіту.

Жауап қалдыру

Your email address will not be published.