ҚР СО Дайджесі №16 Желтоқсан

Құрметті сәулетшілер!

Назарларыңызға Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағы ақпараттық дайджесінің 16 шығарылымын ұсынамыз.

Бұл шығарылым 2021 жылдың желтоқсанында өткен ҚР Сәулетшілер одағы қызметінің мәселелеріне арналған. Дайджестің бұл санында «Астана Бас Жоспар» ҒЗЖИ» ЖШС басшылығымен кездесу, жаңа мүшелерді қабылдау, ҚР СО мүшелерінің ҚР Тәуелсізідігінің 30-жылдығына орай марапатталуы, сонымен бірге Алматы облысының бас сәулетшісімен кездесу, ҚР СО мүшесі Б.Ұ.Молжігітовтың көрмесі мен т.б. туралы оқи аласыздар.

Сонымен бірге Одақ ҚР Сәулетшілер одағының XVII Съезін ұйымдастыру мен өткізуге дайындық жұмыстарын бастап кетті.

Құрметті әріптестер, дайджест редакциясы пікір қалдырғандарыңызға алғысын білдіреді. 

  1. Дайджест Сізге қызық па? Ұсынылып отырған ақпарат жеткілікті ме?
  2. Сізге қандай ақпарат, тақырыптар қызық болуы мүмкін? Тағы не қосуға болады?

Пікірлеріңізді осы хатқа жауап түрінде немесе ҚР Сәулетшілер одағының төмендегі телефон нөміріне хабарласу арқылы қалдыра аласыздар. 

Құрметпен,

ҚР Сәулетшілер одағының хатшылығы

+7 727 258 29 74

+7 701 711 1787

info@kazarch.kz  

www.kazarch.kz

ҚР-СО-№16-дайджесі