ҚР Сәулетшілер одағының үндеуі

Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағы бүлікшіл элементтер, тонаушылық және лаңкестік заңсыз әрекеттерді сынға алады.

Қазақстан сәулетшілері орын алған қайғылы оқиғалар кезінде марқұм болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Біз мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі тәртіпті қалпына келтіріп, жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шешімдері мен қабылдап жатқан шараларын қолдаймыз.