Наурыз мейрамымыз құтты болсын!

Құрметті сәулетшілер!

         Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағы атынан арайлап жеткен әз-Наурыз мейрамымыз құтты болсын!
         Қыстың қыспағынан құтылып, ежелден жаңару мен жасампаздықты айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Көктемгі табиғат, жер-дүниенің түлеп-құлпырған әрбір күні Наурыз күніндей шуақты болып,шаттыққа кенелтсін!
         Сіздер халқымызды басын біріктіріп, еліміздің жаңа келбетін қалыптастыруға үлестеріңізді қосып келесіздер. Әз-Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін, кәсіби қызметтеріңіз сәттілік жолдас болсын!
         Елімізді өркендетуге, халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған алқымды шараларды жүзеге асырудағы қажырлы қызметіңіз әрдайым табысты болып, ойға алған барлық арман, жоспарларыңыз орындалсын.

Ізгі тілекпен,
Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының президенті
Серік Сұлтанғали

Жауап қалдыру

Your email address will not be published. Толтырылуы тиіс бөлімдер