ҚР СО Дайджесі №12 арнайы шығарылым

Құрметті дайджест оқырмандары мен сәулетші-студенттер!

Назарларыңызға ҚР Сәулетшілер одағы дайындаған Saint-Gobain компаниясының халықаралық студенттік сәулет конкурсына арналған дайджесінің арнайы шығарылымын ұсынамыз!

20 қазан 2021 ж. Қазақстанда сәулет-құрылыс университеттерінің студенттеріне арналған Saint-Gobain компаниясы ұсынып отырған 17-ші конкурсының онлайн ашылуы өтті.

Saint-Gobain халықаралық студенттік конкурсы конкурсқа қатысушыларға өздерінің сәулет өнеріндегі машықтарын дамыту үшін әр түрлі учаскелерде мультикомфорттық объектілерді жобалауға бірегей мүмкіндік беріп отыр, себебі техникалық тапсырмалар мен өткізу елдері жыл сайын өзгеріп отырады. Қатысушыларды жыл сайынғы кәсіби жарыста  жылына бір тапсырма және үш жүлделі орын күтеді.

2022 жылға арналған конкурс тапсырмасы – Варшавадағы Всходня теміржол бекетінің жанында орналасқан аумақты (Шығыс Варшава) жандандыру.

ҚР Сәулетшілер одағы 2017 жылдан бастап конкурстың Қазақстандағы ұлттық кезеңінің ақпараттық серіктесі. Біз биыл да сәулетші-студенттерге арналған осы қызық  та пайдалы сайысты қолдауды жалғастырып отырмыз.

Өзіңізді және өз күшіңізді сынап көріңіз! Барлық қатысам деушілерді, бас жүлде – Еуропаға жолдама болатын, ғаламдық халықаралық іс-шараға қатысуға шақырамыз!

Құрметпен,

ҚР Сәулетшілер одағының хатшылығы

+7 727 258 29 74

+7 701 711 1787

info@kazarch.kz

www.kazarch.kz

ҚР-СО-№12-дайджесі_арнайы-шығарылым