ҚР СО Дайджесі №13 Қараша

Құрметті сәулетшілер!

Сіздердің назарларыңызға Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының ақпараттық дайджесінің 13-ші шығарылымын ұсынамыз.

Шығарылым ҚР Сәулетшілер одағы басшылығының Нұр-Сұлтан, Талдықорған қалаларына іс-сапарлары,  сәулетшілердің Қарағандыдағы кездесуі бойынша жұмыс мәселелеріне арналған. Қараша айында Одақ өзінің серіктесі – ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Сонымен бірге хабарламада сәулетші және қылқалам иесі, Одақ мүшесі Берік Молжігітовтың Алматы қаласындағы Ә.Қастеев атындағы мұражайындағы көрмесі және Одақ мүшелері арасында өтетін жергілікті спорт жарыстарына бастама жөнінде оқи аласыздар.

Одан бөлек дайджест редакциясы Одақ мүшелерінен дайджестке қатысты келіп түскен пікірлерін жариялап отыр.

Құрметті әріптестер, дайджест редакциясы пікір қалдырғандарыңызға алғысын білдіреді.

  1. Дайджест Сізге қызық па? Ұсынылып отырған ақпарат жеткілікті ме?
  2. Сізге қандай ақпарат, тақырыптар қызық болуы мүмкін? Тағы не қосуға болады?

Пікірлеріңізді осы хатқа жауап түрінде немесе ҚР Сәулетшілер одағының төмендегі телефон нөміріне хабарласу арқылы қалдыра аласыздар.

Құрметпен,

ҚР Сәулетшілер одағының хатшылығы

+7 727 258 29 74

+7 701 711 1787

info@kazarch.kz

www.kazarch.kz

ҚР-СО-№13-дайджесі