Жас сәулетшілер кубогы 2022 – өткізілу күнінің ауыстырылуы

!!!НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!

2022 жылғы Жас Сәулетшілер кубогының өткізілу күні 17 қыркүйектен 16 қыркүйекке ауыстырылды!

Құрметті әріптестер!

2022 жылғы Жас Сәулетшілер кубогына командалар мен қонақтарды тіркеу жүріп жатқанын естеріңізге саламыз.

Командаларға:

Қазақстанның барлық қалалары мен өңірлерінен командаларды қатысуға шақырамыз. Команда құрамынажас практик сәулетшілер және ҚР жоғары оқу орындарының сәулет факультеттерінің студенттері мен мұғалімдері кіре алады. Барлық қатысушылардың жасы 35-тен аспауы тиіс. Команда 4-5 қатысушыдан тұрады. 

Барлық толық ақпарат, команданың қатысу шарты мен тіркеу үлгісін қосымша беріп отырмыз.

Ақпарат үнемі жаңарып отырады, сондықтан жаңалықтарды ҚР СО сайтында қадағалап отырыңыздар.

Кубоктың бас жүлде қоры 1 000 000 теңге!

Қонақтарға:

Егер Сіз командаларға жанкүер болғыңыз келсе, Жас Сәулетшілер кубогы аясында Қазақстан сәулетшілерінен бірнеше қызық шеберлік сабақтары мен семинарлар өтеді. Шеберлік сабақтарына қатысам және өз командаларына жанкүйер болам деушілер іс-шараға қонақ ретінде тіркеле алады. Қонақтардың тіркелуі міндетті! Бұл залда отыратын орындардың шектеулілігімен байланысты. 

Қонақ ретінде тіркелу үшін (қоса беріліп отырған) өтінімді толтырып, электрондық поштаға жолдау қажет. Барлық қонақтар ұйымдастырушылардың оларды тіркегені жөнінде растауды күтуі қажет. 

Өтінімдерді uarkcup2022@gmail.com электрондық поштасына жіберуді сұраймыз 

Өтінімдеріңізді күтеміз!

Іс-шараға дейін 32 күн қалды.

Ұйымдастыру комитеті

Тел: +7 747 393 67 14, 

uarkcup2022@gmail.com

www.kazarch.kz

Жауап қалдыру

Your email address will not be published.